Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мәжіліс депутаттарға аналарын мінберден құттықтауға рұқсат берді

Мәжіліс депутаттарға аналарын мінберден құттықтауға рұқсат берді

Мәжіліс жуырда өткен жалпы отырыста анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаровтың әрекетіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парламенттің төменгі палатасы Ардақ Назаровтың әрекетінен регламент немесе депутаттық этика нормаларын бұзу фактілерін таппағанын мәлімдеді.

"10 қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жариялау кезінде депутат Ардақ Назаровтың анасына жолдаған құттықтауына қатысты депутаттың әрекеті парламент пен мәжілістің регламентін, оның ішінде депутаттық этика нормаларын тікелей бұзбайтынын атап өтеміз", – делінген Tengrinews.kz басылымына берген жауапта.

Мәжіліс бұл баяндаманың "пленарлық отырыс барысына әсер етпегенін және тиісті деңгейде айтылғанын" атап өтті. Демек депутаттарға аналарын мінберден құттықтауға рұқсат етілген. Бастысы Назаров сияқты жөнді түрде құттықтау қажет дейді. Бұл ретте мәжіліс парламенттік мінберді тек мақсатына сай пайдалану керегін қосты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.