Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар табысталды: Қошанов ел бірлігі туралы айтты

Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар табысталды: Қошанов ел бірлігі туралы айтты

Астанада Республика күні қарсаңында Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.

Сонымен қатар Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» қоғамдық тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жиында Ерлан Қошанов Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, Президенттің бастамасымен бұл мерекенің ұлттық мәртебесі қайта қалпына келтірілгенін атап өтті.

«Егемендігіміздің бастауына жаңаша қарап, оның қадірін тереңірек түсінуге жол ашты», – деді ол.

Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстанның соңғы жеті жылдағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін де атап өтті. Оның айтуынша, осы кезеңде ел экономикасына 155 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 15 мың долларға жеткен. Сондай-ақ 118 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 36,3 мың шақырым жол салынып, жөнделген. Елде 1300-ден астам мектеп, 1483 балабақша және 1259 медициналық мекеме ашылған.

Жиында Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» қоғамдық тобының негізгі міндеттері таныстырылды. Жаңа алаң еліміздің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктерді біріктіріп, олардың жалпыұлттық мәселелерді шешуге қатысуын көздейді.

«Сіздер Халық Кеңесінің құрылуымен этносаралық келісім мәселелеріне ғана емес, жалпыұлттық міндеттерді шешуге де белсенді қатысуға мүмкіндік аласыздар. Бастамалар көтеріп, халықты толғандыратын мәселелерді ортаға салып, бүкіл ел үшін маңызды шешімдерді талқылауға қатысасыздар», – деді Ерлан Қошанов.

Қоғамдық топтың жұмысы үш бағытты қамтиды: өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу, жастар бастамаларын қолдау және ақпараттық жобалар арқылы ел бірлігін нығайту.

Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатына тоқталып, қоғамдық келісім мен өзара құрметтің маңызын атап өтті. Оның сөзінше, бұл құндылықтар Президенттің «Заң және тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларымен үндеседі.

Жиын соңында Ерлан Қошанов Президенттің атынан қоғамдық-саяси саладағы жемісті еңбегі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік наградалар табыстады.

«Бұл – ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға», – деді Халық Кеңесінің Төрағасы.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.