KZNews.kz
Мәдениет

Марқұм Шерзат Полаттың ісіне қатысқан айыптаушы мемлекеттік марапатқа ие болды

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы ретінде қызмет атқарған Дана Сәрсенбай кәсіби еңбегі үшін марапатқа ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

6 желтоқсан – Прокуратура күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада оған «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісі табысталды. Бұл марапат Сәрсенбайдың аталған істегі жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі жоғары бағаланғанын білдіреді.

Айта кетейік, Шерзат Болаттың өліміне қатысты резонансты іс қоғам назарын аудартқан болатын. Ал мемлекеттік айыптаушы ретінде Дана Сәрсенбай сотта айып тарапын қорғап, істің жан-жақты қаралуына өз үлесін қосты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары