Алматы облысында полиция қызметкерінің қаза болуына байланысты тергеу қоғам назарында. Іс бойынша марқұмның жұбайы мен екі ұлы күдікті деп танылғаны бұған дейін хабарланған, деп хабарлайды kznews.kz.
Осы уақытқа дейін оқиғаға қатысты ақпараттың басым бөлігі марқұмның жақындары мен ашық дереккөздер арқылы тараған еді. Енді күдікті әйелдің туыстары да алғаш рет көпшілік алдында пікір білдіріп, жағдайға өз көзқарасын жеткізді.
Олар бұған дейін жарияланбаған бірқатар жайтқа тоқталып, қайғылы жағдайға дейін отбасында не болғанын өз нұсқалары бойынша баяндаған.
Бұған дейін жарияланған деректерде марқұмның отбасында жанжалдар болғаны, ал оның жұбайы күйеуінің күш көрсеткенін айтып, полицияға бірнеше рет жүгінгені жазылған. Алайда бұл деректер мен оқиғаның нақты мән-жайына тергеу аясында құқықтық баға берілуі тиіс.