"Шерханмен аға ретінде сөйлесуге тырысамын. Шынымды айтсам, мен оған баспасөзге сұхбат бермеуді, түрлі бағдарламаларға бармауды ұсындым. Ол әлі жас", — деді Смақов.
Бапкер сондай-ақ Еркебұлан Сейдахметтің жағдайын мысалға келтіріп, қоғамның артық назарынан дарынды ойыншыларға зиян келуі мүмкін екенін ескертті:
"Еркебұлан «Уфаға» ауысқанда, бәрі оны талқылай бастады: «дәретханаға барды, кока-кола сатып алды» деп. Сөйтіп, талант жойылды. Сондықтан қазір ең бастысы — қысым емес, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан асыра мақтаудың қажеті жоқ. Бір буынды жоғалту — бір сәттің ісі", — деді ол.