Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстаудағы теміржолдар жеке компанияға тиесілі болған

Маңғыстаудағы теміржолдар жеке компанияға тиесілі болған
Бас көлік прокуратурасы жеке компанияның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарын иелену дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекет меншігінде болуы керек.
"Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді", - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14 наурыздағы шешімі бойынша, талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

"Бұл шешім Қазақстанның көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады және мемлекеттің темір жол желісінің негізгі объектілерін бақылауына кепілдік береді".

Автор
Данияр