Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Манас" қызметкерлері әуежай аумағында уланған

"Манас" қызметкерлері әуежай аумағында уланған

Қырғызыстанның "Манас" халықаралық әуежайының он қызметкері тағамнан уланып, ауруханаға түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлы-эпидемилогиялық бақылау департаментінің бастығы Толон Исаков бұл ақпаратты растады.

Исаковтың сөзінше, улану белгілері байқалған әуежай қызметкерлері 20 шілдеде дәрігер көмегіне жүгінген. Екі адам амбулаторлық көмек алған, жеті адам аураханада жатыр. Олардың барлығы әуежай аумағындағы "Экипаж" дәмханасында тамақтанған.

"Дәмханада тоңазытқыштар жұмыс істемей тұрған екен. Аспаз да, даяшылар да медициналық тексеруден өтпеген. Азық-түлікті сақтау талаптары орындалмаған. Тексеру кезінде ішек таяқшасы анықталды" деді Исаков Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

Тексеруден кейін дәмханаға 5,5 мың сом (шамамен 79 доллар) көлемінде айыппұл салынып, анықталған кемшіліктерді жойылғанға дейін жабылған. Іс материалдары прокуратураға жіберілмек.


Azattyq
Автор
Бауыржан