Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мамандар мастурбацияның пайдасы мен зияны жайлы айтты - Қазақстан жаңалықтары

Мамандар мастурбацияның пайдасы мен зияны жайлы айтты - Қазақстан жаңалықтары

Мастурбация жасаудың, жалғыздықты өздігіңнен ләззат алудың денсаулыққа зияны бар ма? Бұл мәселе турасындар мамандар айтып берді. 

Видеодан скриншот

Бұл туралы Youtube желісінің "Жабық тақырып" арнасында айтылды. 

Мастурбация - ер не әйелдің жыныс мүшесімен ойнау арқылы өздігінен ләззат алуы. Мамандардың айтуынша, мастурбациямен әдетте жасөспірімдер айналысады. Сонымен қатар мастурбацияға тұрақты кездесетін адамы жоқ жандар бейім келеді екен.

Отандық уролог Арман Есенұлының айтуынша, мастурбацияның адамға зияны жоқ.

"Өзіңді өзің қанағаттандырудың денсаулыққа зияны жоқ. Керісінше көп аурудың алдын алады. Қалыпты жағдайда ер адамдар жыныстық қатынасқа аптасына 2-3 рет түсуі керек. Әдетте мастурбациямен жасөспірімдер айналысады. "Бұған үйреніп қалып, кейін адаммен қатынасқа түсе алмайды" деген пікір дұрыс емес", - дейді Арман Есенұлы. 

Ал, отбасылық психолог мастурбацияның қай кезде зияны болатынын түсіндірді. 

"Бұл сатыдан ер адамның көпшілігі өтеді деп айтуға болады. Егер ер не әйелдің тұрақты кездесетін адамы болса, онда мастурбациямен айналысқанның зияны жоқ. Ал, тұрақты адамы болмаса кері әсер етуі мүмкін", - дейді психолог Серікгүл Сали.

Ал, мастурбацияға дінімізде шектеу қойылған ба?

"Ләззат алу үшін мастурбация жасау - күнә болады. Егер қатты мазасызданып кетсе, бел босату үшін мастурбация жасауға болады. Ол зинаның алдын алғандықтан күнә болмайды. Дініміз әр жамандықтың алдын алу үшін рұқсат берген" делінген хадистерде.

Ал, зина дегеніміз ер мен әйелдің некесіз жақындасуы. 


stan.kz
Автор
Мадияр