Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Максим Галкин белорус балаға Қазақстанның туын сыйлады

Максим Галкин белорус балаға Қазақстанның туын сыйлады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Төрт жасар Вадим Денисевич көптен бері өз коллекциясын бүркіт бейнеленген сары-көк байрақпен толықтырғысы келіп жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Беларусьтің Гродно қаласының тұрғыны Вадим Денисевич "Лучше всех" шоуының жүргізушісі Максим Галкиннен Қазақстанның туын алды. Балақайдың географиядан білімі жұртты таңғалдырды, ол әлемнің әртүрлі елдерінде орналасқан көрнекі жерлерді жатқа айтады.

Төрт жастағы Вадим Денисевич 150 елдің туын, көптеген әнұранды және мәдени көрікті жерлерді біледі. Оны ол шоуда дәлелдеді.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=-2tPPTgs-2k[/embed]

Үш номинация: "Ту", "Әнұран" және "Көрікті жерлер" бойынша өткен сайыста балақай барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, жеңіске жетті.

Тағы оқыңыз: Жеті жасар алматылық Сағынтаевқа ерекше ұсынысын айтып, жұртты таңғалдырды 

Соңында Максим Галкин Вадимді медальмен марапаттап, тәттілер салынған жолдорбаны сыйға тартты және бала көптен бері өз коллекциясына алғысы келіп жүрген Қазақстанның жалауын тапсырды.


sputniknews.kz
Автор
Айбар