Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мадуро Венесуэланың Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығатынын айтты

Мадуро Венесуэланың Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығатынын айтты

Венесуэла президенті Николас Мадуро елдің Америкалық мемлекеттер ұйымынан (АМҰ) шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды. Жазбасында Мадуро ұйымды "АҚШ-тың отарлау министрлігі" деп атаған.

Америкалық мемлекеттер ұйымы өткен ғасырдың ортасында құрылған. Оған Солтүстік және Оңтүстік Американың отыздан астам елі кіреді. Ұйымның басты қағидалары: демократия, адам құқықтары, қауіпсіздік пен даму.

Венесуэла президенті ұйымнан шығу процесін екі жыл бұрын бастап кеткен. Бір кездері ол "Вашингтонға тәуелді" деп ұйымды сынап еді. Венесуэланың Америкалық мемлекеттер ұйымындағы өкілдері ендігі Каракасқа қайтып кеткен.

Бірақ 9 сәуірде ұйым Венесуэла басшысы деп оппозиция лидері Хуан Гуайдоны таныған. Сол себепті Каракастың ұйымдағы заңды өкілі Гуайдо тағайындаған дипломат Густаво Тарре саналады.

Мадуроның АМҰ-дан шығу туралы мәлімдемесінен соң оппозиция режимге қарсы митингіге шығуға үндеді. Наразылық акциясы 1 мамырға жоспарланған.

Венесуэладағы саяси дағдарыс былтырғы жылдың соңынан бері жалғасып келеді. Мадуроны "озбыр басшы" деп, өзін уақытша президент жариялаған Гуайдоны АҚШ, Еуропа одағы елдері мен Латын Америка елдері қолдайды. Ресей мен Қытай - Мадуроны ең ірі жақтастары.


Azattyq
Автор
Санжар

Журналист