Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Лукашенко Тоқаев туралы не ойлайтынын айтты

Лукашенко Тоқаев туралы не ойлайтынын айтты

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Александр Лукашенко Қазақстан президентіне сенетінін және кез келген мәселе бойынша онымен ашық сөйлесе алатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко украиналық журналистермен өткен кездесуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтып берді.

Лукашенконың БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде айтқан сөзі президенттің ресми сайтында жарияланды.

"Мен билікке жаңа келген адамдармен көп келіссөздер жүргіземін. Мәселен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы айтсам. Адамдардың арасында химия болуы керек қой. Екеуіміздің қарым-қатынасымыз керемет, біз бір-бірімізді түсінеміз. Ол білімді адам, кезінде қытай тілін меңгеріп алған. Мен оны ерекше құрметтеймін. Дей тұрғанмен, Қазақстанның тұңғыш президентімен де қарым-қатынасымыз өте жақсы", - деді Александр Лукашенко.

Айтуынша, ол Қазақстанның қазіргі көшбасшысына сенеді және президентпен кез келген мәселе бойынша ашық сөйлесе алады.

"Ол менің сөзімді біреуге басқаша жеткізетін адам емес", - деп атап көрсетті Лукашенко.

Бұған дейін Александр Лукашенко Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікірін білдірген еді.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан