"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы жарлыққа қол қойды

Лукашенко қайтыс болған жағдайда биліктің ауысуы туралы жарлыққа қол қойды

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко №2 "Егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау туралы" декретке қол қойды. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі жариялады. 

Құжатта ел басшысы қастандық, терроризм актісі, сыртқы агрессия, басқа да зорлық әрекеттері салдарынан қайтыс болған жағдайда барлық мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне сәйкес әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына премьер-министр басшылық етеді.

Бұл ретте ел аумағына кідірместен төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі. Оны қамтамасыз ету шаралар тізімін Қауіпсіздік кеңесі анықтайды. Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін барлығы еш қарсылықсыз орындауға міндетті.

Негізгі сұрақ сайлау туралы болмақ. Қауіпсіздік кеңесі губернаторлардың қатысуымен оны өткізу туралы шешім қабылдайды. Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған. Декрет оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Автор
Еркебұлан