«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Литва ресейлік азаматтарға санкция енгізді

Литва ресейлік азаматтарға санкция енгізді

Литва Керштегі жағдайға қатысы бар бірнеше ресейлік азаматтарға санкция енгізді.

BNS ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Литваның миграция департаментінің шешімі бойынша қатаң қаулыға Керчь бұғазындағы жағдайға тікелей жауапты 20 ресейлік іліккен. Литва Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Киев текетіресінде Ресейдің халықаралық құқық ережелерін қадағаламай, Украинаның аумақтық тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі өзге де мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін дейді.
Естеріңізге салайық, 25 қарашада украиналық үш әскери кеме Одессадан Мариупольге қарай бағыт алған. Алайда, Керш бұғазынан басып өтуге рұқсат бермеген Ресей әскерилері бірден оқ жаудырған. Осы жағдайдан кейін Украинаның Жоғарғы Радасы «Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімді тоқтату жөніндегі» заң жобасын мақұлдады.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос