Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.
Әнші Жазира Байырбекова "Әгугәй" ансамбліне театр ашу үшін ұшағын сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz
Ол ұшақты сатып алғысы келетіндерді ансамбльдің парақшасына өтуге шақырды. Ал хабарландыруда әуе кемесінің бағасы 16 миллион доллар деп көрсетілген.
"Театрын ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер @aguqai_ansambl-дің парақшасына тіркеліңіздер!" – деп жазған әнші.
Бұл хабарландыруды оқырмандар әртүрлі қабылдады. Бірі әншілердің ұшақ сатып алатындай табыс тапқанына таңғалса, енді бірі мұны әзілге айналдырған.
Кейбірі Жазираның көпшілікке танымал "Әлди әлди" әнін еске алып, ұшақтың ақшасын осы туындының өзі-ақ шығарып берген болар деген пікір білдірді.
Алайда кейін хабарландыру әншінің парақшасынан жоғалып кетті. Оның не себепті өшірілгені туралы мәлімет жоқ.