Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Лавров Ресейдің Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді

Лавров Ресейдің Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров CBS News арнасына берген сұхбатында Мәскеудің Украинадағы жағдайды реттеу үшін мәмілеге келуге дайын екенін, бірақ нақытылау қажет бірнеше элементтер барын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Меніңше, АҚШ президенті біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызға сенеді. Президенттің мәлімдемесінде келісім жайлы айтылды және біз келісімге келуге дайынбыз. Бірақ кейбір нақты тұстар мен элементтерді нақтылап реттеу қажет. Біз дәл осы процесспен айналысып жатырмыз”, – деді Лавров.

Дональд Трамп – Украина дағдарысының түпкі себептерін жою қажет екенін түсінетін әлемдегі жалғыз көшбасшы болуы мүмкін деп болжам жасады Ресейдің сыртқы істер министрі.

Сондай-ақ Лавров Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасалды деген айыптауларды жоққа шығарды.

“Біз тек әскери нысандарға немесе әскерилер қолданып жүрген азаматтық нысандарға шабуыл жасаймыз. Егер нысандарды украиналық әскерилер қолданатын болса, қорғаныс министрі оларға шабуыл жасауды бұйыруға құқылы, – деді сыртқы істер министрі.

Бұған дейін Путин Пасха мерекесіне орай шабуылды тоқтататынын мәлімдеген еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.