Мұнайдан – жасанды интеллектке: Global Banking & Finance Review Қазақстан туралы не жазды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов тегін дәрі-дәрмек туралы: науқастар оны өз ақшасына сатып алмауы керек

Бектенов тегін дәрі-дәрмек туралы: науқастар оны өз ақшасына сатып алмауы керек
Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекет есебінен тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмекті науқастардың өз қаражатына сатып алуына жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан фармацевтикасының халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Осыдан кейін Олжас Бектенов отандық медицинадағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Премьер-министрдің айтуынша, науқастар тегін берілетін дәрілердің сапасына сенімді болуы керек. Ал препараттардың тиімділігіне немесе жанама әсерлеріне қатысты азаматтардың шағымдары Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында болуы қажет.

Сондай-ақ ол тегін дәрі алу тәртібі қарапайым әрі түсінікті болуы керегін атап өтті. Әрбір пациент қандай дәрінің тегін берілетінін, оны қайдан және қашан алуға болатынын, қиындық туындаған жағдайда кімге жүгіну керегін білуі тиіс.

Дәріні ауыстыру себебі түсіндірілуі керек

Олжас Бектеновтің сөзінше, науқас бұрын қолданып жүрген дәрінің орнына басқа өндірушінің препаратын алған жағдайда, оған мұндай шешімнің себебі мен жаңа дәріні қолдану тәртібі түсіндірілуі қажет.

Бұл әсіресе ұзақ уақыт немесе тұрақты ем қабылдайтын балалардың ата-аналары үшін маңызды.

«Ақпараттың жеткіліксіздігі мен әкімшілік рәсімдер ауыр дертке шалдыққан науқастарға кедергі болмауы керек», – деді премьер-министр.

Тегін дәріні сатып алуға мәжбүрлеуге болмайды

Үкімет басшысы дәрі-дәрмектің бір бөлігі қазірдің өзінде электронды түрде тағайындалып, онлайн расталатынын еске салды. Сондықтан, мемлекет есебінен берілетін препаратты науқасқа беруден бас тартуға жол берілмеуі тиіс.

«Сатып алынған дәрілік заттар бола тұра, науқастардың оларды уақытында алмауы немесе өз қаражатына сатып алуы – жол беруге болмайтын жағдай», – деп қатаң ескертті Олжас Бектенов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі