Мұнайдан – жасанды интеллектке: Global Banking & Finance Review Қазақстан туралы не жазды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қарағандыда қытайлықтармен аудармашысыз сөйлесіп, министрлерді әзілмен қағытты

Тоқаев Қарағандыда қытайлықтармен аудармашысыз сөйлесіп, министрлерді әзілмен қағытты
Фото: Ақорда

Журналист Әділ Балтабаев жариялаған кадрларда президенттің жанында аудармашы болғанымен, Тоқаев әңгімені өз бетінше жалғастырып, шетелдік серіктестермен қытай тілінде тілдескен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Онда Мемлекет басшысының Теміртаудағы Qarmet кәсіпорнында қытайлық ACRE компаниясының өкілдерімен қытай тілінде сөйлескен сәті көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы сәтте оның артында Премьер-министрдің орынбасарлары мен бірнеше министр тұрған.

Үкімет мүшелерінің әңгімені түсінбей тұрғанын байқаған президент аудармашыға сөзді аударуды жалғастыруды ишарамен білдірген.

Кездесу соңында Тоқаев министрлерге әзілдеп: «Олар негізі қытайшаға судай», – деген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.