KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“ҚТЖ – жүк тасымалының” экс-үш басшысы да қамауға алынды

• Айжан Сыланова
Фото: GROK

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» серіктестігінің бұрынғы үш басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

9-10 қараша күндері компанияның бұрынғы бас директоры Владимир Петров, оның орынбасары Қайрат Қабылов және сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, үшеуі де сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. 11 және 12 қарашада сот олардың әрқайсысына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оларға қандай нақты айып тағылғаны, сондай-ақ іс бойынша ықтимал залалдың көлемі әзірге жарияланған жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →