Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус тағы үш елде тіркелді - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирус тағы үш елде тіркелді - Қазақстан жаңалықтары

Коронавируске шалдыққан науқастар Кувейтте, Бахрейнде және Ауғанстанда тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кувейтте және Бахрейнде ауруды жұқтырғандар жақында ғана Ираннан оралған азаматтар екен. Қазірдің өзінде Ирандағы індетке тап болғандардың саны 43-ке жетіп отыр, 8 науқас аурудан көз жұмған. 

Кувейтте үш адам сырқаттаныпты. Аталған жайтқа байланысты ел билігі Иранмен әуе және теңіз қатынасын тоқтатып, сол жақтағы 700 адамды дереу эвакуацияламақшы екендігін жеткізген. 

Ауғанстанда үш адамнан сараптама алынған. Олардың тек біреуі расталыпты. 

Бахрейнде де бір адам коронавирусты жұқтырғаны анықталыпты. 

Еске салайық, бұған дейін қатерлі індет қытайлықтардан бөлек жаппай басқа елдің азаматтарының өмірін жалмап жатқандығы жайлы жазған болатынбыз. 


stan.kz
Автор
Данияр