1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері қанша өседі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

Коронавирус табылған кемеде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты

Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған Diamond Princess кемесінде қалған екі қазақстандық карантиннен шықты. Бұған дейін круиз лайнерінен екі қазақстандықтың шыққаны хабарланған еді.

"Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің дерегінше, бүгін (21 ақпан) Diamond Princess круиз лайнерінде болған тағы екі қазақстандық құрғаққа шықты. Олар қазір Токиодағы қонақүйлердің бірінде. Кемеде болған барлық азаматтарымыз коронавирус бойынша тестен өткен. Ешқайсысынан вирус табылмады" делінген СІМ хабарламасында.

Министрліктің айтуынша, олар 22 ақпанда Қазақстанға оралады. Осыған дейін ведомство кемеде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел бар деп мәлімдеген еді.

21 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір Қытайда коронавирус жұқтырғандар 75 мыңнан, қаза болғандар 2200-ден асқан. Қытай билігінің дерегінше шамамен 18 мың адам коронавирустан айыққан. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.

Қарай отырыңыз: Коронавирус туралы не білу керек?


Azattyq
Автор
Данияр