“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Колумбияда 100-ден астам адам мінген ұшақ құлады: алғашқы мәліметтер шықты

Колумбияда 100-ден астам адам мінген ұшақ құлады: алғашқы мәліметтер шықты

Колумбияның оңтүстігінде соңғы жылдардағы ең ірі авиациялық апаттардың бірі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Елдің әскери-әуе күштеріне тиесілі Hercules әскери-транспорттық ұшағы Путумайо департаментіндегі Пуэрто-Легисамо қаласынан ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында басқа бөлімшелерге ауыстырылуы тиіс әскери қызметкерлер болған. Қазірдің өзінде тірі қалғандар бар екені айтылғанымен, қаза тапқандардың нақты саны әлі анықталған жоқ.

Колумбияның қорғаныс министрі Педро Санчес әлеуметтік желіде көңіл айтып, апат болғанын растады. Оның мәліметінше, ұшақ ұшу барысында құлаған, ал оқиға орнында әскери бөлімдер жұмыс істеп жатыр.

Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, бортта шамамен 100-125 адам болған. Кей ақпарат көздері 11 экипаж мүшесі мен 100-ден астам әскери қызметкер болғанын хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 20 адам аман қалған, ал қалғандарының тағдыры анықталып жатыр.

Алдын ала болжамға сәйкес, ұшақ көкке көтерілгеннен кейін қажетті биіктікке шыға алмай, маневр жасау кезінде қиындыққа тап болған. Сонымен қатар апат салдарын ауырлатқан себептердің бірі ретінде борттағы оқ-дәрінің жарылуы да қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, бұл Колумбиядағы соңғы уақытта болған жалғыз авиациялық апат емес. Бұған дейін Beechcraft 1900 ұшағы құлап, ондағы 15 адамның барлығы қаза тапқан еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер