Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағында микроавтобус жардан құлап, шамамен 150 метр тереңдікке түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға 25 сәуір күні таулы аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тұрақ орнынан өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып кеткен.
Бақытымызға қарай, зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға шағым түсірмеген.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары мен құтқарушылар көлікті қиын аумақтан шығарып алды. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.