Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
Фото-коллаж: Newtimes.kz / ЖИ

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті көз жұмды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қайғылы жағдай туралы университеттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқу орнының өкілдері қайтыс болған жас жігіттің география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курсында білім алғанын растады.

Университет ұжымы студенттің мезгілсіз қазасына байланысты оның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", – делінген университет хабарламасында.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар студенттің өліміне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Университет әкімшілігі оқиғаның барлық мән-жайы объективті түрде анықталуы үшін құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіп жатыр. Университет жағдайдың объективті қаралуына жан-жақты жәрдемдесуде", – деп мәлімдеді оқу орнының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар университет басшылығы мен ұжымы марқұм студенттің отбасына материалдық және моральдық көмек көрсетіп жатқанын хабарлады. Оқу орнының өкілдері көпшілікті қайтыс болған студенттің отбасы мен жақындарының қайғысына құрметпен қарауға шақырды.

"Осы ауыр қайғыны бөлісе отырып, марқұмның отбасы мен жақындарының сезіміне құрметпен қарауға, сондай-ақ ресми түрде расталмаған ақпарат пен жалған мәліметтерді таратпауға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейк, қараша айының басында Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алып жатқан бірінші курс студенті көз жұмды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер