Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақорда ҰҚК басшысы Сағымбаевтың қызметінен босатылуына қатысты мәлімдеме жасады

Ақорда ҰҚК басшысы Сағымбаевтың қызметінен босатылуына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ҰҚК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанда «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты жағдайды да ескерген. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Ермек Сағымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Сонымен қатар, бұл шешім арнайы қызметті реформалау міндетіне орай басқарушы құрамды жаңарту қажеттігінен туындаған.

«Ермек Сағымбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық оқиғасына қатысы бар адамдардың ұсталуын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылымдар бірқатар қателікке жол берген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке де тәртіптік жаза жарияланды», – деді Айбек Смадияров.

Баспасөз хатшысының сөзінше, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты істің сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайды.

«Бұл тергеу әрекеттері кезінде іске қатысы бар адамдардың әрекеттерімен расталды. Президент жүргізіліп жатқан тергеу туралы әуел бастан хабардар болды. Оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұстанымы өзгермейді және берік», – деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ осы күні Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізген.

Жиында Президент полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтып, кәсіби даярлығын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алуды ескертті.

Бұдан бөлек, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке полицияның қатардағы және офицерлік құрамымен тәрбие жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі