KZNEWS.KZ
Мәдениет

Көлігінен марихуана табылған Navai-ға қатысты іс тоқтатылды: рэпер Реейге ұшып кетті

• Жарқын Омаров
Фото @navaib в Instagram

Полицияның мәліметінше, істі тоқтату кезінде рэпердің құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және жасаған әрекетіне шын өкінгені ескерілген. Процестік шешімді қадағалаушы орган бекіткен.

Ведомство қылмыстық істің ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы

13 қазанда ресейлік рэпер Navai Қазақстанға Қырғызстаннан кірмек болған кезде Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде ұсталды. Оның көлігін тексеру барысында 2,5 грамм марихуана табылғаны хабарланды.

Осы дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу және есірткіні заңсыз сақтау белгілері бойынша тергеу басталған. Кейін сот әншіні екі айға қамауға алуға санкция берген.

Navai бұған дейін Бішкекте концерт берген. Ал 14 қазанда Астанада жеке концерті өтуі керек еді. Алайда ұйымдастырушылар іс-шараны басталуына төрт сағат қалғанда техникалық себептерге байланысты тоқтатты. Көрермендерге билеттердің ақшасын қайтару мүмкіндігі ұсынылды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →