"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кеннен шыққан жасыл су қазақстандықтарды шошытты

Кеннен шыққан жасыл су қазақстандықтарды шошытты

Бұл құбылыс ШҚО Алтай ауданы тұрғындарын қатты дүрліктірді, тіпті кейбірі тау-кен комбинатында апат болуы ықтимал деп те топшылады. Бұл туралы Хабар 24 айтты.

Дегенмен экологтар алаңдайтын ештеңе жоқ деп сендіріп отыр. Олардың айтуынша, каналдағы суға кәдімгі табиғи жағдай әсер еткен. Қалдық қоймасынан шыққан су тазалану үшін тоғанға жиналады.

Сол жерде оған көк шөп, қамыс, балдыр араласып түсін өзгертіп жіберген. Оның үстіне жан-жақтан еріп келген су тоғанға жиналған кезде артығын ағызып жіберуге тура келеді. Экологтар қазір жасыл судан сынама алып, зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Данияр Алиев, ШҚО бойынша экология басқармасының басшысы:

– Біз оның сынамаларына биотест жүргіземіз, ішіндегі зиянды заттарды анықтаймыз. Ол сынамалар. «Қазгидромет» өз зертханаларында жүргізеді. Біз экологиялық департамент өз зертханамызда химиялық улы заттарға сынама жүргіземіз, зерттеу жұмыстарына байланысты өз есебімізді дайындап, толық ақпарат береміз.

Автор
Еркебұлан