Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“11 сынып оқушысынан 8 миллион теңге сұрады”: Интим видеосы тараған блогердің тағы бір былығы ашылды

“11 сынып оқушысынан 8 миллион теңге сұрады”: Интим видеосы тараған блогердің тағы бір былығы ашылды
Фото: видеодан скриншот

Желіде «Хан» лақап атымен танымал ақтаулық блогерге қатысты интим видеоны тарату ісі әлі де қаралуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл іс бойынша күдікті ретінде аталған кәмелетке толмаған мобилографтың анасы ұлының кінәсіз екенін айтып, оған қысым жасалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, 16 жастағы жасөспірім асабамен небәрі бірнеше күн жұмыс істеп, еңбекақысын да алмаған. Тіпті уәде етілген көлік берілмей, үйіне өз бетімен қайтуға мәжбүр болған.

Анасының айтуынша, даулы видео әдейі таратылмаған — жазбаны телефон иесінің өзі байқамай жіберіп қойған. Сонымен қатар, істі тоқтату үшін олардан 8 миллион теңге талап етіліп, көпшілік алдында кешірім сұрау шарты қойылғанын жеткізді.

Ол мұндай талаптармен келіспейтінін айтып, әр адам өзінің жеке деректерінің қауіпсіздігіне өзі жауап беруі керек екенін атап өтті.

Жасөспірімнің анасы бұл жағдай отбасыға ауыр соққы болғанын да жасырмады. Оның айтуынша, күйзелістің салдарынан жүктіліктің соңғы кезеңінде баласынан айырылған.

Қазіргі уақытта іс сотқа жолданған. 11-сынып оқушысы ҰБТ-ға дайындалып жүр. Отбасы бұл жағдай оның болашағына кері әсер ете ме деп алаңдап отыр. Сонымен қатар, олар полицияда өздерін видеоға түсірмеуді сұрағанымен, кейін бұл жазбаның желіге тарағанына наразылық білдірді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.