Солтүстік өңірге газ жеткізетін желіні "Газпром" салады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте 150 мыңға жуық оқырманы бар блогер ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)

Шымкентте 150 мыңға жуық оқырманы бар блогер ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шымкент қаласында 150 мыңға жуық оқырманы бар блогер ақша бопсалады деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін видеоматериалдар жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалаумен айналысқан топты қолға түсірді.

Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.

«Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында болды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.