KZNEWS.KZ
Әлеумет

Қазақстанда жыл соңында көлік бағасы арзандайды - министр

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Үкіметтегі брифингте министр биыл елімізде 191 мың көлік шығару жоспарланғанын мәлімдеді. Ал 2025 жылы Қазақстанда 171 мың автокөлік өндірілген.

Оның айтуынша, өндіріс көлемінің артуына Қостанай облысындағы Kia зауыты мен Алматыдағы қытайлық мультибрендті кәсіпорынның іске қосылуы ықпал етеді. Қазір екі зауыт та толық өндірістік қуатына шықпаған.

Министр қазақстандық өндірістен шыққан көліктердің бағасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен 10-11 пайызға арзандағанын атап өтті. Сонымен қатар, автокөлік өндірушілер түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр.

Ерсайын Нағаспаевтың болжамынша, жыл соңында көлік бағасы одан әрі төмендеуі мүмкін. Себебі қараша мен желтоқсанда автосалондар биыл шығарылған модельдерді жеңілдікпен сатуға тырысады.

«Жыл соңына жақындаған сайын биыл шығарылған модельдер ескірген болып саналады. Барлығы 2027 жылғы көлікті сатып алуға тырысады. Қазір, қараша мен желтоқсанда жеңілдіктер болады. Бағаның төмендейтіні түсінікті», – деді министр.

Сондай-ақ министр қазақстандық көліктердің сапасына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, өнім сапасына өндірушілердің өздері жауап береді. Ал Allur және Astana Motors секілді ірі компаниялар сапаны төмендетуге бармайды деп есептейді.

Айта кетейік, 2027 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда автокредит алу талаптары қатаңдауы мүмкін. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие алушының қарызын өтеу мүмкіндігін мұқият бағалайды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →