ка

Кәрім Мәсімов Қытай вице-президентімен кездесті

08.04.2019 19:46
0
0

8 сәуірде Пекинде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай вице-президенті Ван Цишаньмен кездесті. Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасына сілтеме жасап, Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Екі тарап "Бір белдеу – бір жол" жобасын жүзеге асыру жолдарын талқылаған.

Ван Цишаньнің айтуынша, Қытай президенті Си Цзиньпин мен Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық жұмыстарының арқасында екі тарап тығыз байланыс орнатып, "Бір белдеу – бір жол" жобасын бірге жүзеге асыруда жоғары жетістіктерге жетті.

Ван Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қытай халқының досы" деді.

Қытай вице-президентінің пайымдауынша, екі елдің стратегиялық байланыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, екі халықтың дамуына септігін тигізеді.

Кәрім Мәсімов екі елді стратегиялық серіктес деп атады. Оның сөзінше, Қытаймен байланысты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаттарының бірі.

Мәсімовтің айтуынша, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін "Бір белдеу – бір жол" жобасын жүзуге асыруға дайын.

Деректі фильм: Жаңа Жібек жолы: даму ма, алдану ма?


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий