Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Камбоджа Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Камбоджа Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Камбоджа АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды Kznews.kz 

Мән-жай

Камбоджа премьер-министрі Хун Манет Нобель комитетіне Дональд Трампты аталмыш сыйлыққа ұсынып, ресми хат жолдады. Хатта ол Трампқа Камбоджа мен Тайланд арасындағы қақтығысты тоқтатуға ұйытқы болғанына алғыс айтқан.

Бұдан бөлек, Хун Манет хатында Дональд Трамптың әлемдегі қақтығыс аймақтарына тұрақтылық орнатуға қосқан үлесін айтқан.

«Маған Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі ретінде, әлемдік бейбітшілікті ілгерілетуге қосқан тарихи үлесі үшін АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті, құрметті Дональд Дж. Трампты Нобель сыйлығына ұсыну үлкен құрмет», – деп жазды Хун Манет.

Бұған дейін Трампты Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысты тоқтатуға қосқаны үлесі үшін Нобель сыйлығына Израиль премьер-министрі Биньямин Нитаньяху ұсынған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.