Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды, деп хабарлайды kznews.kz.
ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.
Айта кетейік, Қадырбек Шынбаев бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсеткен. 2026 жылдың қаңтарында ол ересектер арасында ММА-дан Азия чемпионы атанды. Құрлық біріншілігінде қазақстандық спортшы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдерін жеңді. Осылайша, 22 жастағы спортшы бір жылдың ішінде құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
Дәл осы сағатқа дейін Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Біздің спортшылар Азия құрлығындағы үздік үштікті түйіндеп тұр. Алдымызда Қытай мен ойын қожайындары Жапония елі орналасқан.