Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"414 млн теңге жымқырған": «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы басшысы іздеу жарияланды

"414 млн теңге жымқырған": «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы басшысы іздеу жарияланды
ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияны мемлекетаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 1954 жылы туған Қазақстан азаматы бюджет қаражатын жымқырып, салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 414 миллион теңгеден асады.

Тергеу материалдарына сәйкес, Лория бас бухгалтермен және басқа да адамдармен сөз байласып, қаржылық құжаттарды қолдан жасаған. Сондай-ақ бюджет қаражатының жеке шоттарға заңсыз аударылуын ұйымдастырып, бухгалтерлік және салық есептілігіне жалған ақпарат енгізген деген күдік бар.

Атап айтқанда, декларацияларда қызметкерлердің табысы, жалақы қоры мен ұйымның жылдық жиынтық табысы нақты көрсеткіштен төмендетіліп жазылған.

Айта кетейік, 2023 жылы «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

ҚМА күдіктінің жүрген жері туралы ақпарат білетін азаматтарды +7 (7172) 70-84-78 нөмірі арқылы агенттіктің кезекші бөліміне хабарласуға шақырды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі