Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Израиль Сирияның Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады

Израиль Сирияның Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады

Израиль Сирияның Дамаск пен Алеппо әуежайларына шабуыл жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Агенттіктің мәліметінше, шабуыл бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 5:25-те болған.

"Бүгін таңертең Израиль әскері бір мезгілде Жерорта теңізі жақтан, Латакиядан батысқа қарай және Голаннан Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларын нысанаға алып, зымырандарымен әуе шабуылын жасады", – делінген хабарламада.

Сирияның көлік министрлігі әуе шабуылынан соң Дамаск пен Алеппо халықаралық әуежайларының жұмысы тоқтағанын хабарлады. Шабуыл салдарынан бір адам жараланып, бір адам қаза тапты.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскерінің Газа секторын толық қоршауға алғаны туралы жазған болатынбыз.

Автор
Айбар