Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Израиль авиациясы Йеменге әуеден соққы жасады

Израиль авиациясы Йеменге әуеден соққы жасады

Израиль әскери әуе күштері Йеменнің батысындағы бірнеше портқа әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды Kznews.kz  порталы.

Al Masirah телеарнасының мәліметінше, соққылар Салиф порты мен Қызыл теңіз жағалауындағы Ходейда портына бағытталған. Бұл аймақтар Йеменнің стратегиялық маңызы бар теңіз қақпаларының бірі саналады.

Бейсенбі күні Йеменнің солтүстігінде билік жүргізіп отырған “Ансар Алла” (хуситтер) қозғалысы Израильдің Бен-Гурион халықаралық әуежайына 72 сағат ішінде төртінші зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль әскері Йемендегі әуежайға, екі электр станциясына және ел астанасындағы зауытқа да әуеден соққы жасаған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.