Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Италияда коронавирустан 7 адам қайтыс болды

Италияда коронавирустан 7 адам қайтыс болды

Италияда жаңа коронавирустан кем дегенде жеті адам қайтыс болды. 220-дан астам адам жұқпалы ауруға шалдықты. Италия билігі COVID-19 вирусының таралуын тоқтатуға тырысып жатыр.

"Италияның солтүстігіндегі кей қалаларда полицияның өткізу-бақылау пункттерін орнатылған" деп хабарлайды "Евроньюс".

Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Анджело Борреллидің айтуынша Италияда коронавирус әсерінен екі дерт түрі пайда болып, 110-нан астам адам ауруханаға, 20-дан астам адам жансақтау бөліміне түскен. Қалғандары медициналық бақылаумен үйлерінде оқшауланған.

Италияның коронавирус ең көп тараған ошағы - солтүстіктегі Ломбардия әкімшілік аймағында 170-ке жуық адам коронавирус жұқтырып, 50 мыңнан астам адамға карантин шаралары қолданылған.


Azattyq
Автор
Данияр