"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Италияда апатқа ұшыраған автобуста тоғыз қазақстандық болған

Италияда апатқа ұшыраған автобуста тоғыз қазақстандық болған

22 мамырда Италияның Сиена қаласында 50-ге тарта турист отырған автобус аударылған. Radio Siena-ның хабарлауынша, автобуста Ресей, Грузия, Қазақстан мен Армениядан келген туристер болған.

Бірнеше басылым кем дегенде бір азаматтың қаза тауып, 15 адамның жараланғанын хабарлады. Siena Free басылымының жазуынша, Сиена қаласының ауруханасына 14 адам жеткізілген. Оның төртеуінің жағдайы ауыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар барын растады. Ведомствоға сілтеген жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апаттан 9 қазақстандық зардап шеккен.

"Бесеуі ауруханаға жатқызылды, төрт адам қонақүйге орналастырылды. Зардап шеккен қазақстандықтардың кейбірінің омыртқасы, бұғанасы мен қабырғасы сынған, денелері соғылған" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Туристер отырған автобус Сиенадан Флоренцияға бара жатқан жолда Монтериггони қаласы маңында апатқа ұшыраған. Куәгерлер сөзінше, автобус жолдан шығып кетіп, еңіске құлап, бұталар арасында тұрып қалған. Алдын ала дерек бойынша, апатқа сол маңда қалың нөсер жауып, жолдың тайғанақ болуы себеп.


Azattyq
Автор
Әлихан