"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Саяси шоу”: Трамп пен Ким Чен Ын алдағы аптада кездесу өткізуі мүмкін

“Саяси шоу”: Трамп пен Ким Чен Ын алдағы аптада кездесу өткізуі мүмкін
Фото: Evan Vucci / AP

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның бірігу министрі Чон Донён мәлімдеді. Оның айтуынша, Трамптың Сеулге сапарынан кейін осындай келіссөздер өтуі ықтимал, себебі Пхеньян қазір АҚШ-қа ерекше назар аударып отыр.

Соңғы рет Трамп пен Ким 2019 жылы демилитаризацияланған аймақта кездескен болатын. Бұл жолы бастаманы Ким Чен Ынның өзі көтерген. Сарапшылар Пхеньянның Мәскеуден күткен қолдауды ала алмаған соң Вашингтонмен қайта байланыс орнатуға тырысып жатқанын айтады.

Фридрих Науман қорының өкілі Фредерик Шпордың пікірінше, бұл кездесу саяси серпілістен гөрі медиялық шоуға ұқсауы мүмкін.

«Ким Трамптың осындай көріністік шараларды ұнататынын біледі. Бұл оған да тиімді — халықаралық беделін арттырып, Мәскеу мен Бейжіңге балама бар екенін көрсетеді», — дейді сарапшы.

Айта кетейік, келесі аптада Оңтүстік Кореяда өтетін Азиаттық-Тынық мұхиты экономикалық форумыаясында мемлекет басшылары, соның ішінде Трамп пен Си Цзиньпин, кездеседі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.