ка

Иран америкалық дронды атып түсіргенін хабарлады

20.06.2019 15:38
0
0

Иран америкалық дронды атып түсіргенін хабарлады. Бұл ақпаратты ислам революциясының сақшылар корпусы таратты. Олардың айтуынша, дронды Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында атып құлатқан.

"Барлау мақсатында" жіберілген ұшу аппараты "Иранның әуе кеңістігіне кірген". Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері аппараттың RQ-4 Global Hawk моделіне жататынын жазды. Бірақ АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі ол аумақта ешқандай америкалық техника, ұшқышсыз басқарылатын аппарат болмағанын айтты.

Иран мен АҚШ арасында жағдай ушығып тұрған шақта америкалық дронның атып түсірілгені туралы ақпарат шығып отыр. АҚШ Тегеранды Оман шығанағындағы мұнай танкеріне шабуыл жасады және өзге де "қастық әрекеттері" үшін айыптады. Сарапшылар әскери қақтығыс тұтанып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. АҚШ аймаққа тағы мың сарбазды жіберу туралы шешім қабылдады.


Azattyq
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий