"Самұрық-Қазынаның" тағы бір лауазымды қызметкері ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қосшыдағы мұғалім TikTok-тағы жарнамаға сенемін деп 1,6 млн теңгеге алданды

Қосшыдағы мұғалім TikTok-тағы жарнамаға сенемін деп 1,6 млн теңгеге алданды
Фотоиллюстрация: Kznews

Қосшыда мұғалім болып жұмыс істейтін әйел 25 млн теңге несие рәсімдеуге көмектесемін деген «қаржы кеңесшісіне» сеніп, 1 644 650 теңгесінен айырылды.

Ол жарнаманы TikTok-тан көрген, ал ақшасы күйеуінің телефонына келген QR-кодтарды пайдаланғаннан кейін шотынан шешілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Ірі несие алуға көмектесетінін жазған жарнама авторларымен әйел WhatsApp арқылы байланысқан. Өзін қаржы кеңесшісі ретінде таныстырған адам оған 25 млн теңге несие мақұлдануы үшін алдымен үш жылға бөліп төлеу рәсімдеу керек екенін айтқан. Сөйтіп, мұғалімге 1,8 млн теңгеге бөліп төлеу мақұлданған.

Одан кейін әйелдің күйеуінің телефонына QR-кодтар келген. Мұғалім «кеңесшінің» нұсқауымен сол кодтарды пайдаланған соң, шотынан 1 644 650 теңге шешілген. «Кеңесші» негізгі несие көп ұзамай мақұлданатынын айтқан. Алайда хабарлама келмей, әйел полицияға жүгінген.

Ақшаның Алматыда тіркелген жеке кәсіпкердің шотына түскені анықталды. Тергеушілер кәсіп иесінің алаяқтыққа қатысы бар-жоғын және оның шоты ақша аудару үшін өзіне білдірмей пайдаланылған-пайдаланылмағанын анықтап жатыр.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.