Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Интерпол серіктесі "Голос Дети" конкурсының нәтижесін тексереді

Интерпол серіктесі "Голос Дети" конкурсының нәтижесін тексереді

Ресейде өткен "Голос Дети" ән байқауының дауыс беру нәтижесін халықаралық Group-IB компаниясы тексереді. Бұл туралы 29 сәуірде конкурсты ұйымдастырған Первый канал арнасының баспасөз қызметі хабарлады.

Первый каналдың хабарлауынша, Интерполдың серіктесі Group-IB компаниясы смс хабарламалар мен телефон қоңырауларын тексереді. Телеарна тексеріс қорытындысы онлайн жарияланатынын мәлімдеді.

26 сәуірде Первый канал арнасында "Голос Дети" шоуының финалында 10 жасар Микелла Абрамова (ресейлік әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы) 56,5 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. Екінші орынды қазақстандық Ержан Максим алған.

Осыдан кейін ресейлік әншілер мен актерлер, желі қолданушылары конкурс нәтижесіне көңілдері толмай, дауыс беру нәтижесін қайта қарауды талап етіп жатыр. 27 сәуірде Первый канал телешоудың дауыс беру нәтижесі тексерілетінін хабарлады.

Youtube желісіндегі Микелла Абрамованың видеосына 45 мыңнан астам "дизлайк" басылған. 12 мыңнан астам комментарий жазылып, пікір иелерінің көбі дауыс беру нәтижесін қайта қарауды талап еткен. Желі қолданушылардың көбі жеңіске қазақстандық Ержан Максим лайық деген пікірлер жазып жатыр.

Халықаралық Group-IB компаниясы киберқылмыс пен кибершабуылдарды зерттеумен айналысады.


Azattyq
Автор
Санжар

Журналист