inDrive компаниясының басшысы Арсен Томский бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, Станислав Александрович ұлы — мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын медаль салған Михаил Шайдоровтың жетістігі жолында аянбай еңбек еткен. Тіпті бір кезеңде қаржылық қиындықтарды еңсеру үшін өз көлігін сатуға да мәжбүр болған. Осы жанқиярлық әрекетіне алғыс ретінде Арсен Томский оған қолдау көрсетуді жөн көрген.
«Өз елің үшін мақтану — сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сезім. Осы қуаныш пен мақтаныш үшін Михаилға алғыс айтамын. Бұл — шабыт сыйлайтын ғажайып алтын жеңіс.
Осы табыстың негізін қалаған жанға ерекше құрмет білдіргім келеді. Чемпионның әкесі — Станислав Александровичке Audi Q8 автокөлігін сыйлаймын. Бұл — менің жеке атымнан әрі барлық қазақстандықтардың атынан тарту.
Станислав Александрович ұлының алғашқы жаттықтырушысы ғана емес, бір кездері оның арманы үшін өз көлігін сатып жіберген еді. Бүгін сол арман алтын медальға ұласты. Audi Almaty орталығында иесін күтіп тұрған көлік ортақ алғысымыздың белгісі болсын. Audi сақиналары отбасыңызға осы тарихи жеңісті әрдайым еске салып тұрсын.
Құттықтаймын және Михаилға алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілеймін!» — деп жазды кәсіпкер.