Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Министр Михаил Шайдоровқа қатысты ақпараттық қысым туралы пікір білдірді

Министр Михаил Шайдоровқа қатысты ақпараттық қысым туралы пікір білдірді
Фото: akorda.kz

Спорт қауымдастығында соңғы уақытта мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтің жетістіктеріне қатысты түрлі пікірлер мен талқылаулар жиілеген. Осыған байланысты "Шайдоровпен болып жатқан мәселе Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосыновқа қатысты ұйымдастырылған ақпараттық науқан болуы мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Министр бұл мәселеге баға беруде асығыстық танытпай, пікірталасты фактілерге негіздеу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, спорттағы сын орынды болғанымен, ол нақты деректерге сүйенуі тиіс.

Соңғы айларда Михаил Шайдоровтың жетістіктері төңірегінде түрлі көзқарастар айтылып келеді. Алайда министр мұндай пікірталастар кезінде спортшының күнделікті еңбегі мен нақты нәтижелері назардан тыс қалып жатқанын меңзеді.

Ербол Мырзабосынов ақпараттық текетірестердің ең алдымен спортшылардың өзіне кері әсер ететінін айтып, қоғамды Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғап жүрген спортшылардың жетістіктерін көбірек насихаттауға шақырды.

Министрдің бұл мәлімдемесі спортшы төңірегіндегі талқылаулардың қоғам назарында тұрғанын тағы бір мәрте көрсетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.