Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Астанадан екінші пәтер сыйға тартылды (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Астанадан екінші пәтер сыйға тартылды (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Милан Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа елордадан тағы бір баспана сыйға берілді. ULYTAU Group компаниясы спортшыға екінші пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Компанияның баспасөз қызметі кілт табысталған сәттен түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялаған. Бейнежазба сипаттамасында: «Көптен күткен қуанышты күн — Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа баспана кілтін табыстап, құрмет көрсету сәті», — деп жазылған.

Желі қолданушылары бұл сыйлықты спортшының еңбегіне берілген лайықты марапат ретінде бағалап, жылы пікірлерін жаудырды. Оқырмандар «Лайықты сый», «Миша үшін қатты қуаныштымыз! Саған тек сәттілік тілейміз», «Өте шынайы жан, өмірің табысқа толы болсын», «Құттықтаймыз! Компанияға алғысымыз шексіз», «Қандай әсерлі күн», «Құтты қоныс болсын!» деп құттықтаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер