“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бағдат Мусин inDrive негізін қалаушы Арсен Томскийге ерекше сыйлық тарту етті

Бағдат Мусин inDrive негізін қалаушы Арсен Томскийге ерекше сыйлық тарту етті
Фото: әлеуметтік желіден

Ыстанбұлда өткен кездесуде кәсіпкерге Барбарис есімді жеті жастағы асыл тұқымды арғымақ мінгізілді. Ерекше тартуға риза болған Арсен Томский әлеуметтік желідегі парақшасында алған әсерін бөлісті.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин халықаралық inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскийге үйлену тойына орай ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Тойға әдетте конверт сыйлайды. Ал Қазақстанда ат мінгізеді! Көп жылдан бері жеке көлігім болған жоқ, inDrive немесе жалға алынған көліктермен жүретінмін. Енді жеке көлігім бар. Оның тарифі – сәбіз бен алма», – деп әзілдеді кәсіпкер.

Айта кетейік, inDrive негізін қалаушы Арсен Томский тамыз айында қазақстандық Камила Лұқпановаға үйленген. Жас жұбайлардың тойы Ыстанбұлда, Босфор жағалауында өткен.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.