Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткерлердің соңғы тізіміне енбей қалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Айта кетейік, 10 наурызда Шайдоров бұл сыйлыққа "Үздік костюм" номинациясы бойынша ұсынылған болатын. Ол 2026 жылғы Италиядағы Олимпиада ойындарында көрсеткен еркін бағдарламасы үшін аталған тізімге енгізілген еді.
Алайда кейін жарияланған қысқартылған тізімде әр номинация бойынша тек үш үміткер ғана қалдырылып, Шайдоров финалдық кезеңге өтпей қалған.
Қазіргі таңда номинациялар бойынша үміткерлер төмендегідей:
- Ең әсерлі бағдарлама: Эмбер Гленн (АҚШ), Юма Кагияма (Жапония), Илья Малинин (АҚШ);
- Үздік костюм: Пайпер Гиллес пен Поль Пуарье (Канада), Эмбер Гленн (АҚШ), Илья Малинин (АҚШ);
- Үздік жаттықтырушы: Дэймон Аллен, Филлип ДиГульельмо, Масакадзу Кагияма;
- Үздік хореограф: Ше-Линн Бурн, Бенуа Ришо, Массимо Скали.