Сағымбаев, Әрінов, енді Мырзахметов: күрделі міндет неге Мемлекеттік күзет қызметінен шыққан офицерлерге жүктеледі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Индонезия ұшақ теңізге құлады. Жолаушылар арасында 3 нәресте болған

Индонезия ұшақ теңізге құлады. Жолаушылар арасында 3 нәресте болған

Джакарта әуежайынан ұшқан Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы теңізге құлады.

Құтқарушылар кемесінің капитаны судан жолаушылардың денесі мен лайнердің сынықтары табылғанын мәлім етті.

Flightradar24 порталының мәліметінше, SJ182 рейсімен байланыс сағат 07:40 шамасында жоғалған. Бұл ұшақтың Джакарта әуежайынан ұшқан соң 4 минут өткен уақыт. Араға небәрі бір минут салып ол 10 мың фут төмен түскен.

Ұшақ Джакартадан Понтианакқа бара жатқан. Бортта 62 адам болған. Олардың жетеуі - бала және тағы үшеуі - нәресте.

Индонезия транспорт министрі ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның Лаки аралына жақын жерде болғанын айтты.

Автор
Айбар