KZNews.kz
Жаңалықтар

"Индонезияның Бали аралына апарды": Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық жайт тарады (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Атырауда болған резонансты қылмысқа байланысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тың деректер белгілі болды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің мәліметінше, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев тұйық өмір салтын ұстанған, айналасында жақын араласатын достары болмаған. Ол көршілерімен де байланыс орнатпай, көпшілік ортадан оқшау жүрген. Айтуынша, күдікті ешқашан фотоға түспеген, тіпті оны танитын адамдардың өзінде суреті сақталмаған.

"Қайдасың, Ақбаян? Атырауда ұшты-күйлі жоғалып, артынан өз үйінен мәйіттері табылған қылмысқа басты күдікті күйеу баласы болып тұр. Сұлтанның жасы 29-да. Ешкіммен араласпайды, досы жоқ, көршіге жабық, намазхан. Әйелі тек күйеуіне бағынады. Ақбаянды ауылдастары мүлдем танымайды, көршілері жүзін көрмеген. Күйеуі ешқашан фотоға түспеген, ешкімде суреті сақталмаған. Соңғы кезде әйелінің де әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарын өшірткізген. Апта бұрын осы тақырыпты көтергенде осы өңірде адасып, соғыс ошағына баратындар көп деп жаздым. Болжамым алдамапты. Жіптің ұшы Индонезияның Бали аралына апарды. Сұлтанның ойында не барын, жоспары мен мақсатын құзырлы орган анықтар. Мен әйелі Ақбаянға жаным ашып, жүрегім ауырып тұр", – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары