Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Император Нарухито Тоқаевты Жапония сарайында күтіп алды

Император Нарухито Тоқаевты Жапония сарайында күтіп алды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына келді, деп хабарлайды kznews.kz.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды.

Бұған дейін Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның сыртқы істер министрі Такеши Ивая екіжақты әріптестіктің қазіргі жағдайы мен дамуын талқылаған болатын.

– Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән береміз. Премьер-министр Шигэру Исибаға жылы лебізімізді жеткізуіңізді сұраймын. Біз оның Қазақстанға ресми сапарын асыға күтіп, соған дайындалып жатырмыз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді деп сеніммен айтуға болады, – деген еді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Жапония үкіметі Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа арналған жаңа шеңберлік бағдарлама әзірлеп жатқаны хабарланған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.