Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дан ресми түрде кетті

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дан ресми түрде кетті
Интернет желісінен

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы лауазымындағы қызметін ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалды. Бұл шешім 2025 жылғы қарашада қабылданған.

ҰҚШҰ хабарламасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық мерзімге Таалатбек Масадыковтың бас хатшы қызметіне кіріскені айтылған.

«Жиналыс барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім бекітілді», – делінген ұйымның ресми хабарламасында.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарды. Ол бұл қызметте Станислав Засьты алмастырған. Бұған дейін Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарған. Атап айтқанда, премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшысы және қорғаныс министрі болған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.